"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Подгорное аулының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдык мемлекеттік мекемесі
"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Подгорное аулының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдык мемлекеттік мекемесі  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мағжанның маржан жырлары» атты үш тілде мәнерлеп оқу сайысы

   Биыл ақиық ақын, алаш қайраткері М.Жұмабаевтың туғанына 130 жыл. Осыған орай бүгін мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аренова М.Ж. жетекшілігімен 5-10 сынып оқушыларының арасында «Мағжанның маржан жырлары» атты үш тілде мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Мәнерлеп оқу сайысының басты мақсаты - ақынның есімін және оның әдеби мұрасын жастар арасында насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту». 
Мәнерлеп оқу сайысында ақынның қаламынан туған жігерлі өлеңдері оқылды. Оқушылар жазушының «Мен жастарға сенемін», «Сағындым»,«От»,«Қазақ тілі», «Шолпы» атты өлеңдерін  үш тілде мәнерлеп жатқа айтып берді. 10-сынып оқушысы Чижевич Вероника  «Сүйемін» өлеңін ағылшын тілінде жатқа оқыды.  Сайыстың соңында «Мағжанның маржан жырлары» атты мәнерлеп оқу сайысына жиналған қонақтар М.Жұмабаевтың шығармашылығына арналған кітап көрмесімен танысты.

 

Жаңартылған күні: 13.09.2023 13:06
Құрылған күні: 13.09.2023 13:06

Текст