Текст
Бүгін, 5-қыркүйек мектебімізде Қазақстан Республикасының Тілдер күніне арналған «Тіл- асыл қазына» атты онкүндіктің салтанатты ашылу рәсімі өткізілді.Мақсаты: Тіл — ұлттың мақтанышы, тірегі, жүрегі екендігіне кең түсінік бере отырып, оқушыларды елжандылыққа, туған тілін құрметтеуге, тілді ұлттық мұра ретінде қастерлеуге үйрету. Жиын барысында мектеп оқушылары белгілі ақын—жазушылардың тіл туралы айтқан сөздерін, тіл туралы өлеңдер айтты . Ұлт көшбасшысы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтар қойылды. 5- сынып оқушысы Қуанышпаева Жанерке «Ана тілім» әнін орындады.