Текст
3 наурызда 1-11 сынып оқушыларымен "Кітап білім-бұлағы" шағын сауалнама өткізілді. Бұл жұмыстың мақсаты: оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру. Оқушылар қандай кітаптарды үлкен қызығушылықпен оқиды. Сауалнаманы мектеп кітапханашысы С. Н. Смағұлова жүргізді.сауалнамаға 120 оқушы қатысты. Сауалнама қорытындысы бойынша келесі деректер анықталды: 1-4 сынып оқушылары "ертегілерді" оқығанды ұнатады, орта буын оқушылары (5-7 сынып) "фантастика мен шытырман оқиғаларды", жоғары буын (8-11 сынып) "детективтер, поэмалар"оқығанды ұнатады.