Текст
05.12.2025
Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні аясында информатика пәнінің мұғалімі А.К. Болатов мектеп оқушылары арасында "Мен цифрлық зорлық-зомбылыққа қарсымын" әлеуметтік акциясын өткізді. Акцияның мақсаты: оқушылардың цифрлық зорлық-зомбылық нысандары туралы хабардар болу деңгейін арттыру, цифрлық ортада жауапты және қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыру, сондай-ақ оқушылардың онлайн-агрессияға қарсы тұру және олардың цифрлық құқықтарын қорғау дағдыларын дамыту
