Текст
Бүгін, 17 ақпанда 8-11 сынып оқушылары арасында кәсіби бағдар беру жұмысы, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі бойынша дәріс өткізілді. Оқушылар алдында Жақсы ауданының азаматтық қорғау подполковнигі С. Б. Казаков және Жақсы ауданының азаматтық қорғау капитаны Р. Ж. Темірбек сөз сөйледі.
Кездесу барысында оқушыларға судағы жазатайым оқиғалардың себептері және отты дұрыс пайдалану туралы жадынамалар таратылды. Бұл кездесу аяқталған жоқ. Жоғары сынып оқушыларымен кездесуден кейін мектепте ғимараттан эвакуациялау бойынша жалпы мектептік оқу жаттығуы өткізілді.