"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Подгорное аулының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдык мемлекеттік мекемесі
"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Подгорное аулының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдык мемлекеттік мекемесі  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Арықтар - балалар үшін қауіпті: ақмолалық құтқарушылар балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды

06.04.2022
Жылы массалардың басым болуымен облыс аумағында қардың еруі белсенді түрде өтеді. Осыған байланысты, бірқатар өңірлерде траншеялар мен арықтар салу арқылы еріген суды бұру бойынша жұмыстар жүргізілуде, осы су бұру құрылыстарының тереңдігі 2 метрге, тіпті одан да көпке жетеді. 
Біздің білуімізше, балалардың қызығушылығында шек жоқ, көрсетілген уақыт кезеңінде балалардың «қайықтарды жүргізу», т.б. ойынындарға қызығушылықтары ерекше арта түседі.
Осыған байланысты, құрметті ата-аналар, Ақмола облысы ТЖ департаменті балаларыңыздың қайда жүргенін жіті қадағалауды назарға алуларыңызды сұрайды. Балаңыздың бос уақытын қайда өткізетініне қызығушылық танытыңыз, көктем мезгілінде балалардың су айдындарында жүруіне жол бермеңіз. 
Ересектер, бей-жай қалмаңыз, балалардың су бұрғыш арықтар мен каналдарға баруына жол бермеңіз, абайсыздық қайғылы жағдайға әкеп соғуы мүмкін!
Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысын Сортировка кентінде 9 жасар бала су тасқынына құлап қайтыс болған. Полиция баланың өлімін қайғылы жағдай ретінде тіркеген. Бала қағаз қайығына қол созамын деп бір жарым метр тереңдіктегі арыққа құлаған болатын.
 
 
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі
Просмотров: 197


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст