Қымбатты
Ауған соғысының ардагерлері
Бұл күн– біз үшін тарихи күн
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті, ҚР Қарулы Күштерінің
Басқолбасшысы Н.Ә. Назарбаев өз сөзінде: «Күні кешеге дейін көпшілік қауым үшін
белгісіз болып келген Ауған соғысының жылнамасы отандық жаңа тарихымыздың ең
қаралы парақтарының бірі болып қала береді.
Бүгініңді бүлдіріп қана қоймай, болашағыңа да балта шабатын 10 жылға созылған
бұл соғыстың аяқталғанына 29 жыл болыпты. Дәл осы күні, яғни 1989 жылдың 15
ақпанында Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шыққан күні.
Бұл күн – көңілде сызы, жүректе ізі қалған ауыр да
азапты жылдар мен өткелегі мол өткенді естелік қылып және оны көңілге кесте
қылып тоқу ғана емес, сол кездегі ана сүті аузынан кеппеген түбіт иек
бауырларымызды еске алар күн! Осы мақсатпен Подгорное ауылының тұрғыны Ялымбаев
Геннадий Яковлевичпен кездесу өткізілді.