"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Подгорное аулының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдык мемлекеттік мекемесі
"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Подгорное аулының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдык мемлекеттік мекемесі  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Патриоттық тәрбие бойынша сыныптан тыс іс-шара сценариі» Тақырыбы: «Мен елімнің ертеңімін»

29.11.2017

«Патриоттық тәрбие бойынша

сыныптан тыс іс-шара сценариі»

Тақырыбы: «Мен елімнің ертеңімін»

Усембаева А.Б.

«Подгорное орта мектебі» КММ

Тақырыбы: «Мен елімнің ертеңімін»

Мақсаты: а) Оқушыларды саяси саналылыққа ,достыққа,

адамгершілікке, саналылыққа,              

елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.

                                  ә)

Елін, жерін, тілін, әдет-ғұрпын құрметтейтін, өз Отанын сүйетін тұлға  

                                      қалыптастыру.

                                 б) Тілін

дамыту, ойын жеткізе білуге үйрету. Отанды сүюге, ата заңымызды   

қадірлеуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Көрнекілігі: Еліміздің рәміздері,

нақыл сөздер, Қ.Р. картасы. Видиофильм «Қазақстанның гүлденуі»,сандықша

Сынып сағатының тақырыбы, мақал-мәтелдер мен дана адамдардың сөздері жазылған

слайдттар.

Тәрбиелік байланыс: Ақыл – ой тәрбиесі.

                                     Адамгершілік тәрбиесі.

                                    Оқушылардың

саяси мәдениетін қалыптастыру тәрбиесі.

Барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім: Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы

«Мен елімнің -ертеңімін».

Бүгінгі айтылар ән де, әңгіме де

туып-өскен жеріміз- отанымыз Қазақстан туралы болмақ.

Отан- адамның туып-өскен жері,

туған-туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың отаны Қазақстан республикасы. Қазақ жері

бір шетінен екінші шетіне дейін құс қанаты талатын ұлан-ғайыр кең өлке. Отанын

шексіз сүйіп, оны қасиетті туындай қастерлеу әрбір адамның парызы.

Отан деген

не? Осы сөзді қалай түсінесіңдер? Өз ойларыңды әрқайсысың  қағазға

жазыңдар.(2мин.). Ойларыңды топқа салыңдар. Әр топтан бір оқушы сөйлейді. (Оқушылар

өз ойларын айтады).

Мұғалім «Отан

деген не?Отан неден басталады?» деген сұрақтарға  түсінік ағашының көмегімен оқушылар ой,пікірлерін айтады,

қорытындылайды.

                                          Отбасы

Әнұран орындалады

 (мультимедиялық көрініс – Менің Қазақстаным!)

2. Блиц – турнир сұрақтары: «Кім көп біледі?»

Әр топқа 5 сұрақтан қойылады.

Қазақстан Республикасының Әнұранын орындау.

1-топ.

1. Қазақстан Республикасы қай жылы тәуелсіздігің алды? (1991 ж. 16 желтоқсан)

2. Қазақстан Республикасының астанасы (Астана)

3. Қытай, Ресей, Қырғыз, Өзбек, Түрікменстан, Әзірбайжан республикаларымен

   шектесетін тәуелсіз мемлекет.

(Қазақстан Республикасы)

4. Отан үшін отқа түс ......... (күймейсің)

5. Елтаңба авторы (Жандарбек Мәлібеков)

1. Еркіндік қыраны шарықта

Елдікке шақырып, бірлікке ...

Қандай әннен алынған үзінді? (Қазақстан Республикасының әнұраны)

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі (Қазақ тілі)

3. Қазақстан Республикасының президенті (Н. Назарбаев)

4. Отан ..... – (отбасынан басталады)

5. Сенің ана тілің (Қазақ тілі)

Жүргізуші: Балалар, сендер жаңа өз сөздеріңде: «Менің Қазақстаным – Менің

болашағым» дедіңдер. Ал болашақ кімнің қолында?

Оқушылар: Қазақстанның болашағы біздің қолымызда.

Жүргізуші: Ия, осынау кең – байтақ еліміздің шалқар көлдері мен асқар таулары,

даласы мен алтын дәнді даласы, ақ күмістей қаласы, кенге толы өңірі мен малға

толы өрісі бәрі болашақ ұрпақ, келешек азаматтары, сендерге өсиет болып қалады.

Ал сол болашақ егелері сендер қандай болуларың керек?

Білімді жас     Білікті маман      Ұлтжанды азамат

«Отан» мәнерлеп

оқу.

Бойымда жігер,тұрғанда сенім,

Жалындап өтем,жолыңда сенің.

Өзіңсің мәңгі бақытым барым

Аяулы отан, ардақты елім.

Бойымда қайрат,тұрғанда сенім

Құрбаның болам жолыңда сенің,

Құлпырып мәңгі жасай бер,жаса

Сүйікті отан, сүйікті елім!

Ән:

 1-оқушы:Ту тігілді халқымның бүгін бағына ,

Жас өрендер,желбіретіп,нық ұста!

Ғасырларға жалғастырып елдікті,

Дақ түсірме ата-баба арына!

Үлгі бізге аталардың ерлігі,

Ұлағаты,өнегесі,еңбегі,

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Бүгінгі ұрпақ-болар елдің ертеңгі!

2-оқушы:Қасиетті Қазақстаным,мекенім,

Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.

Елім,жерім,Отаным,бақ-дәулетім,

Болашағым,өнер-білім,өркенім.

3-оқушы:Отан деген әрбір жүрек дірілі,

Отан үшін болып келем үлгілі.

Менің,сенің үмітіміз ертеғгі,

Қазақстан-келешектің мекені.

Дарқан далам-сенің ,менің қуатым,

Ата-бабам-сақтаған жез қанатым.

Салт-дәстүр,дініміз бен тіліміз,

Бола бермек мәңгі менің жалауым.

Мұғалім:« Жаңа әлемдегі жаңа

Қазақстан »тақырыбында болашаққа саяхат жасаймыз.

Қр-ның президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына

«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдауында «Қазақстан - 2030»

Стратегиясының 

Қазақстан экономика мен өзінің мемлекеттігінің берік

іргетасын құра отырып,дамудың жаңа кезеңіне кіруге;

Қазақстан өмір сүру сапасының өсуін ;

Қазақстандық дамудың жаңа кезеңі- жан-жақты жаңғыртуды

жеделдету;

Бәсекеге қабілетті- Қазақстаннның әлемдік экономика мен

қазақстанды құрудың маңызды факторларын айтқанын білесіздер.

Сендер 2030 жылы неше жаста боласыңдар?

Оқушылар:27-28жас

Мұғалім :Ие,демек нағыз ақыл тоқтатқан,мектепті

бітіріп,оқу орнында оқып,диплом 

алып,жұмысқа орналасып,әрбір мамандықтың қыр-сырын ұғатын уақыттырың.Елдің

туын нық сенім,батылдықпен ұстайтын,өз еңбектеріңді елге арнар шақтарың болатын

кез.

Енді өз арман ,қиялдарыңа ерік беріңдер .«Жаңа әлемдегі-

жаңа Қазақстанды » қалай елестетесіңдер,өздерің нендей игіліктер мен жаңалықтар

жасар едіңдер  соны суреттердің көмегімен

 бейнелейсіңдер.(ҚР картасының сұлбасы

беріледі.Сол бос сұлбаны өз армандарын айта отырып,дәлел ретінде ұсынылған

суреттердің қажеттісімен картаны толықтырып отырады.Осы арқылы болашақтағы

ілгерушіліктің нәтижесін көрнекілік көмегімен көре алады.)

Отанға , туған жерге, елге, ағайын-туысқа деген

сүйіспеншілік сезімнен ерлік туындайды.

Экранда Қазақстанның картасы көрсетіледі.(Слайд)

Бос картаға әр облысқа жасалатын өзгерістер сурет

арқылы енгізіліп,өз ойларын түсіндіреді.

4-Оқушы:Тәуелсіздік –қазақтығы қазақтың,

Тәуелсіздік –жойылыу азаптың.

Биіктей бер,асқақтап жомарт халқым,

Өркендей түс,аяқталды тозақ күн.

Жерімнің жаңарды да бас қаласы,

Көркейді кербез сұлу Астанасы.

Өркендеп,өрлей түсті мәдениет,

Жаңғырып,асқақтады әдебиет.

Қазақстан-асыл анам,алтын анам,тірегім,

Саған деген махаббатқа толы менің жүрегім.

Туған жреім-тәуелсіз Қазақстан бесігім,

Өркендету-басты арман-тілегім.

5-оқушы:Отаным менің –кең-байтақ Қазақстан,

Аман еткен талай дүлей азаптан.

Бар әлемді өз аузына қаратқан,

Кім бар,қане,артық қазақтан?

О,Отаным!Құлыныңмын қойныңда ,

Өзіңменен өмірім,өзің де балаң ойым да.

Болашағың күлімдеген ертеңгі ,

Отан-Ана,мына менің қолымда.

6-оқушы:Отанымды сүйемін мен!

Жайраңдап Отанымда күле білгем.

Біз отанның ертеңгі тірегіміз

Отаннан ауа жұтқан жүрегіміз.

Егемен ,қасиетті Отан үшін,

Арлы да ,ақылды да түлегіміз.

Қыздар биі:Қазақ елі

Көрініс :Қаһарман болу үшін...

Әжесі жүн түтіп отырғанда немересі келіп,ертегі

айтып беруін сұрайды.

-Әже,ертегі айтып берші.

 -Ерте,ерте,ертеде

қазақ елінің бір батыр,қаһарман ұлы дүниеге келіпті.

-Әже,қаһарман деген сөздің мағынасын түсіндірші.

-Қаһарман деген батыр,ержүрек,елі үшін жанын

қиятын азамат адамды атайды.

-Сонда ел үшін күресетін батырларды солай атаймыз

ғой,ә

-Ие,мысалы қаһарман деп Амангелді батыр,Бауыржан

Момышұлын,Махамбет,Рақымжан ,Қайрат,Ләззат,Мәншүк,Әлия секілді аға-әпкелеріңді

біз елдің қаһарман ұл-қыздарын айтамыз.Олар елі үшін қадірлі тұлғалар.

-Мен де өскенде қаһарман болғым келеді.Ол үшін

мен соғысу ,күресуді үйренуім  керек пе?

-Жоқ,алтыным.Соғыстың бетін аулақ қылсын. Сен

өскенде қаһарман атануың үшін міндетті соғыса білу қажет емес .Біз қазір

бейбіт,тату, егеменді елді өмір сүріп жатырмыз.Сондықтан елін сүйетін,елінің

дамуы жолында үлкен еңбек етіп ,жерінің,тілінің,отанының дамуына үлес қосқан

азаматтарды қазіргі кезде қаһарман атап жүрміз.Сол себепті сенең алдымен оқу оқып

білім алуың керек.

-А,түсіндім сонда көп оқып ,білімді болып,отыным

үшін еңбек етсем ,соның өзі мені қаһарман етеді екен ғой.

-Ой,ботам ,ақылдым сол!

Мұғалім:Осы көріністен біз не түйдік ?Біздің

еліміздің болашағы жарқын болуына біз қалай үлес қоса алатынымызды айтайықшы.

Менің Қазақстаным-  менің 

болашағым

                                  Елім  Отаным  Білім алу  Жерімді   Тілімді  сақтау    Еліме 

қызмет ету

 «Сиқырлы сандықша» сыныпқа

әкелінеді. Оқушылар қолдарындағы жүрекшелерге өздерінің елге,Отанға деген жылы

лебіз,тілектерін жазады да,жүрекшені сиқырлы сандықшаға салады.Соңғы оқушы өз

жүрекшесін салғанда сандықшадан күннің суреті шығады.

Хор: Әрқашан күн сөнбесін

Қорытынды: Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін ортаға салады.

                   Елің үшін қуанғын

және қайғыр,

Даңққа бөлен өзің де данадай бір.

Жаңа қаулай бастаған жапырағымды,

Аяздарға тоңдырмай аялай біл.

Тарихтың жадында даусың қалсын,

Дала өзінді жарылқап, тау шындысын.

Баста бізді бақытқа, көзіндегі

Елге деген мейірім таусылмасын!    

Отан

Болашақ иелері

өнерлі                                                                    

ержүрек

Просмотров: 6955

Добавить комментарий

Включить данные в подпись

Текст